Жария оферта
Соңғы жаңарту: 2026 жылғы шілде
1. Жалпы ережелер
Осы құжат KeshenTest платформасында жазылым (подписка) сатып алудың тәртібін анықтайды. Тарифті таңдап, төлем жасау арқылы пайдаланушы осы шарттармен келіскенін растайды.
2. Жазылым тарифтері
Платформада бірнеше мерзімдік жазылым тарифтары ұсынылады (мысалы, айлық, тоқсандық). Әр тарифтің құны мен қолданылу мерзімі басты беттегі «Тарифтер» бөлімінде көрсетілген. Жазылым мерзімі ішінде тестілеуге шексіз рет қол жеткізуге болады.
3. Төлем тәртібі
Төлем банктік картамен онлайн емес, WhatsApp арқылы жүзеге асырылады: пайдаланушы қалаған тарифін таңдап, WhatsApp-қа өтініш жібереді, төлемді жасайды, содан кейін админ жеке промокод жібереді.
4. Промокодты белсендіру
Алынған промокодты жеке кабинеттегі «Промокод» бөлімінде енгізу қажет — жазылым содан кейін бірден іске қосылады. Промокод тек бір рет, бір аккаунтта пайдаланылады.
5. Автоматты ұзарту жоқ
Жазылым автоматты түрде ұзартылмайды және картадан қосымша ақша алынбайды. Мерзім аяқталғаннан кейін платформаны пайдалану үшін жаңа тариф таңдап, қайта төлем жасау қажет.
6. Ақшаны қайтару
Ақшаны қайтару мәселелері жеке тәртіппен қаралады — қайтару туралы сұрауды төменде көрсетілген байланыс арқылы жіберіңіз, себебін көрсетіп. Промокод белсендірілгеннен және жазылым пайдаланыла бастағаннан кейін қайтару шектелуі мүмкін.
7. Байланыс
- Email: support@keshentest.kz
- WhatsApp: +7 775 495 9075